Неткен нәзік қолдарың ақ ұлпадай
Сенсіз қалсам жүрегім жабырқады-ай
Баурап алдың өзіңе иірімдей
Жаным қалай?!
Бақытымның сен, дедім себепкері
Бал қылығың келеді демеп мені
Сарқылмайтын бастауы шабытымның
Бағым болып бақытты сен ет мені
Ұшып айналмай, ұзақ ойланбай
Қолыма қоншы менің
Теңім ең дара, менімен ғана
Бақытты бол, тілерім
Есім кетіп сендегі кереметтен
Үніңдегі сиқырға елең еткем
Әттең бірақ қайтадан оралмас-ау
Сенсіз қалсам жүрегім жабырқады-ай
Баурап алдың өзіңе иірімдей
Жаным қалай?!
Бақытымның сен, дедім себепкері
Бал қылығың келеді демеп мені
Сарқылмайтын бастауы шабытымның
Бағым болып бақытты сен ет мені
Ұшып айналмай, ұзақ ойланбай
Қолыма қоншы менің
Теңім ең дара, менімен ғана
Бақытты бол, тілерім
Есім кетіп сендегі кереметтен
Үніңдегі сиқырға елең еткем
Әттең бірақ қайтадан оралмас-ау